Салтанат Ерсұлтан «Рух-санаты» атты Дүниежүзілік фестиваль жеңімпазы атанды

/
Салтанат Ерсұлтан «Рух-санаты» атты Дүниежүзілік фестиваль жеңімпазы атанды

1-3 тамыз күндері Қырғыз елінде дәстүрлі мәдениет пен музыкаға арналған алғашқы «Рух-санаты» Дүниежүзілік фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәстүрлі өнер саласындағы ірі халықаралық фестивальге 37 елден келген жүзден астам орындаушы қатысты. Қазылар алқасының құрамында түрлі елдерден келген танымал музыка зерттеушілері, этнографтар мен өнер шеберлері болды. Олар қатысушылар орындаған шығармалардың түпнұсқасы сақталуын, дәстүрлі музыкалық аспаптарды меңгеру деңгейін және ұлттық мәдени дәстүрлердің сақталуын бағалады.

Дәстүрлі өнер үшін мәні зор конференцияға Қазақстан тарапынан этномузыкатанушы Саида Елеманова, Фатима Нұрлыбаева, Гүлмира Мұсағұлова сынды ғалымдарымыз бен өнерпаздарымыз қатысты. 

Фестиваль аясында дәстүрлі музыкаға арналған халықаралық конкурс ұйымдастырылды. Алдын ала іріктеуден өткен 8 жеке орындаушы мен 14 мемлекеттен 12 шығармашылық топ өтті. Олардың арасында өткен сайыста жас жыршы Салтанат Қайратқызы жеке орындаушылар арасынан лауреат атанып бірінші орын иеленсе, ансамбльдер арасынан Қазақстаннан "Tengri Saz" ансамбльі де бірінші орынды қанжығасына байлады. 

Айта кетейік, Салтанат Ерсұлтан – К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті. Салтанат «Анимациялық кино режиссурасы» мамандығын тәмамдаған, қазіргі кезде университетте «Дәстүрлі ән» бағыты бойынша 3-курста оқиды.

Байқау барысында Салтанат Асан Қайғының толғауын, Нартайдың термесін және Елмұра Жаңабергеннің «Аралым» атты шығармасын орындады. Өнерпаз қыл қобызда жыр-терме орындап, қазылар алқасын тәнті етті. Осылайша ол жеке орындаушылар арасында бірінші орынды иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары