Адвокат Әділетхан Молдахан жұбайын қуантты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Келіншегіме көлік сыйладым. Үшінші балаға аяғы ауыр. Бала-шағаны садикке тасысын деп көлік алып бердім. Әр қазағыма жұғысты болсын. Лайк басқан оқырманым бай болсын. Бай бақуатты, бақытты ғұмыр кешіңіздер!», - деп жазды Әділетхан Молдахан.
Желі қолданушылары көлік иесін жарыса құттықтады.
"Құтты болсын!", "Маған да күйеуім көлік алып берді", "Мынандай күйеуің болса, арман жоқ қой", "Аман-есен босанып алысын" деп жазды көпшілік.