Астана іргесіндегі ауылда 17 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

/
Астана іргесіндегі ауылда 17 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Бойжеткеннен он күннен бері хабар жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қыздың жоғалғаны туралы 2 тамызда Целиноград ауданының полиция бөліміне өтініш түскен. Бойжеткеннің аты-жөні - Алмасхан Гүлсінай. Қыз 25 шілдеде сағат 19.00 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.

«Оның белгілері: дене бітімі арықша келген, бойы 165 см, шашы ұзын, көздері көк. Ақ футболка, ақ шалбар және сары кроссовка киген. Жасөспірімнің жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағдарланған, шекара маңындағы аудандар және Астана қаласы ПД бағдарланған. Белсенді іздеу шаралары жүргізілуде. Қызды көрген немесе оның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамдардан 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұраймыз», - деп жазылған ішкі істер органы таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары