ЖОЛ ЖҮРУ БИЛЕТТЕРI ЕНГIЗIЛДI

ЖОЛ ЖҮРУ БИЛЕТТЕРI ЕНГIЗIЛДI

ЖОЛ ЖҮРУ БИЛЕТТЕРI ЕНГIЗIЛДI
ашық дереккөзі
404

Әрбiр алматылық автобусқа айына 120 рет мiнедi

Ару қаламыз Алматыда "жол ақысы қымбаттайды", "бiрыңғай жол жүру билеттерi енгiзiледi екен" деген сыбыс жыл басынан берi қарапайым халықтың дегбiрiн қашырды. Тұрмыстың тауқыметiмен жүрген қала тұрғындарының негiзгi көлiгi – қоғамдық автобустар. Сондықтан да жол ақысы мәселесiне бей-жай қарай алмайды.

Алматы қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков жол жүру билеттерiн енгiзу арқылы халықтың да, автобус парктерiнiң де жағдайын жасаймыз деп айтқанына көп болған. Бүгiнгi таңда қаладағы қоғамдық көлiктердiң сынығы көп, түгел дерлiк сыр бере бастағаны баршаға мәлiм. Ендеше бiр айлық жол жүру билеттерiн енгiзу арқылы қалалық автобустардың жыртығы жамалып қалмақшы. Осы орайда "Алматы қаласының жергiлiктi бюджетi есебiнен кеткен шығыс өзiн ақтамай келедi. Қалалық көлiктер тозып бiттi. Бұл сала тиiмсiз болып кеттi және бұл салаға ешкiм инвестиция салуға құлықты болмай барады. Сондықтан қаражаттардың мақсатты бағытта жұмсалуы қажет", – деп түйдi Владимир Меренков мырза.

Алматы қалалық мәслихаты енгiзген жол жүру билеттерi түрлi сатыны қамтиды. Мәселен студенттер билеттi ай сайын 2250 теңгеге сатып алса, зейнеткерлер 1500 теңгеге, ал оқушылар 850 теңгеге сатып алады. Бұған дейiн халықтың осы тобы қоғамдық көлiктерде 50 пайыздық жеңiлдiкке ие болып келген. Мiне, осы үрдiстi сақтап қалған мәслихат өкiлдерi бiр айлық жол жүру құнын қалың жұртқа 4500 теңгеден белгiлептi. 4500 теңге деген есеппен студенттерге шамаланған 2250 теңгенi өзi төлейдi, 2250 теңгенi бюджет төлейдi. Ал зейнеткерлерге 3000 теңгеге есептелiп, оның 1500-iн өздерi, 1500 теңгесi бюджеттен төленедi екен.

Ал жол жүру ақысы 75 теңгеге көтерiледi деген сыбыс та жоққа шығарылды. "Жол жүру билетi метродан басқа барлық қоғамдық көлiктерге – автобус, троллейбус, трамвайға жарамды болады. Алдағы уақытта тарифтi көтеру жоспарда жоқ", – деп мәлiмдедi Жолаушылар транспорты және көлiк жолдары басқармасы бастығының орынбасары А.Тойбаев. Әлеуметтiк зерттеулерге сенсек, әрбiр алматылық ай сайын қоғамдық көлiкке 120 рет отырады екен. Ал автобусты ең жиi пайдаланатын топ – студенттер қауымы. Десе де, жатақханасы университеттiң жанында орналасқан студенттер үшiн жаңа жүйе мүлдем тиiмсiз. Абай атындағы ҚазҰПУ-дiң тәлiмгерлерi бiр айлық жол жүру билетiн алудан бас тартып отыр. Себебi қоғамдық көлiкке айына бiрнеше мәрте ғана мiнедi екен. Сол сияқты зейнеткерлер қауымы да қоғамдық көлiктi күнде пайдаланбайтынын айтып, наразылық танытуда. Жұмысқа күнiге қатынайтын қызметкерлер болмаса, әлеуметтiң өзге өкiлдерi үшiн бұл тиiмсiз шара секiлдi. Дегенмен жол жүру билеттерi жаппай енгiзiлуi тиiс дейдi мамандар.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары