Жаңа рекорд: Азамат Мақұлбеков Медеуде 100 келілік мүсінмен 842 баспалдақты жүріп өтті

/
Жаңа рекорд: Азамат Мақұлбеков Медеуде 100 келілік мүсінмен 842 баспалдақты жүріп өтті
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының тұрғыны Азамат Мақұлбеков "Медеу" мұз айдынындағы баспалдақ арқылы 100 келілік өгіз мүсінді көтеріп шығып, Қазақстанның КИнЭСК рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков бұған дейін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының алыптар сайысында жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем еткен еді.

Сондай-ақ 40 келілік қошқарды 3 555 рет отырып-тұрып көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген.

Енді спортшы жаңа биікті бағындырған. Ол Алматыдағы әйгілі "Медеу" мұз айдынындағы 842 сатыдан тұратын баспалдақ арқылы 100 келілік өгіз мүсінді 34 минут 28 секундта көтеріп шығып, Қазақстанның КИнЭСК рекордтар кітабына ресми түрде тіркелген.

"Бұл оның еңбектің, табандылықтың және шынайы ерік-жігердің үлгісін көрсеткен кезекті жетістігі болды", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары