Астана әкімдігі жылыту маусымы қашан басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
— Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы көшедегі тәуліктік орташа ауа температурасы +10 °С және одан төмен деңгейде қатарынан бес күн сақталғанда басталады, — деп хабарлады ведомство.
«Қазгидромет» деректері бойынша, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елордада ауа температурасы түнде +3...+8°С-тан -1...-6°С-қа дейін төмендеп, күндіз +17...+22°С-тан +8...+13°С-қа дейін төмендейді. Кейіннен ауа температурасы қайтадан түнде +3...+8°С-қа, күндіз +17...+22°С-қа дейін көтеріледі.