ТАҢ СӘРIДЕ

ТАҢ СӘРIДЕ

ТАҢ СӘРIДЕ
ашық дереккөзі
245

Ұлттық әдебиетiмiздiң тарихына ХХ ғасырдың 30-жылдары келген, қазақ поэзиясында өзiндiк орны, нәр-нақышы, ою-өрнегi бар шоғыры тұтасқан дарынды ақындарымыздың бiрi — Сағынғали Сейiтов. Тырнақалды лирикалық өлеңi 1936 жылы Оралдың облыстық газетiнде жарияланған ақынның шығармалары бұл күндерi халқымыздың елеулi рухани қазынасына айналды. Белгiлi ақын, әскери журналистиканың негiзiн қалаушылардың бiрi, Ұлы Отан соғысы ардагерi, Қызыл жұлдыз, II дәрежелi Отан соғысы ордендерiмен марапатталған Сағынғали Сейiтовтiң қаламынан туған дүниелер кейiнгi ұрпаққа қалған мол мұра.

ТАҢ СӘРIДЕ

Талай-талай танытқан төтен ерлiк,

Ер едi ол бойына бiткен ерлiк.

Жазатайым снаряд сынығынан

Жараланды Одерден өте берiп.

Траншеяға сылқ етiп түстi құлап,

Көлденеңнен есiл ер жатты сұлап.

Жоқ, сал қалпы жатып қалмай ол сонда,

Басын жерден көтердi талмаусырап.

Достарға айтты: «қараңдар, тұсқа мына,

Айқыш-ұйқыш оқтардың ұшқанына;

Зеңбiрегiмдi оқтайын өз қолыммен,

Бiр снаряд жолдайын дұшпаныма!»

Атты сонда ол, армансыз шiреп атты,

Рейхстагқа тигенiн тiлеп атты.

Жеттi жетер жерiне ер "сәлемi"…

Нақ сол бiр сәт түн емес, таң сәрi едi.

БРЕСТI КӨРГЕНДЕ

Бiлетiн қалам едi көптен менiң,

Тасына сiңген талай ащы терiм.

Көзiме басылды оттай, ана жылы

Дұшпанға алғашқы оқ атқан жерiм.

Қарыс жер шегiнбестен қатер шақта,

Үй мынау мен қорғаған бермей жатқа,

Қалқиып қара мұржа қалыпты тек,

Өңгесi күл мен көмiр… — жанған отқа.

Өзекке түстi шоғы… қалай жатар

Кеуденi ашу мен кек қыспай қатар,

Кiм сонша ашуыма айтар басу,

Жауыма қазадай мен болсам қатал!

Серіктес жаңалықтары