Қазақстанның қарышты қадамының кепілі

Қазақстанның қарышты қадамының кепілі

Қазақстанның қарышты қадамының кепілі
ашық дереккөзі
302

«Ұлт жоспары – «Мемлекет құрылысының одан арғы дамуының 100 нақты қадамын іске асырудың қоғамдық тетіктері» − ел дамуының жарқын кепілі

Астанада «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты «Sarap Time» cарапшылар клубымен бірлесіп, «Ұлт жоспары – «Мемлекет құрылысының одан арғы дамуының 100 нақты қадамын іске асырудың қоғамдық тетіктері» деген тақырыптағы екінші отырысын өткізді. Басқосуға «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек, «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев, «Стратегия» қоғамдық қорының президенті Гүлмира Елеуова, саясаттанушы Ерлан Сайыров, «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев, Медиалық технологиялар орталығының директоры Артур Нығметов, «Казпотребнадзор» ҚБ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Талғат Әбдіжаппаров және тағы басқалар қатысты. Қазақстан Азаматтық альянсының төрағасы Нұрлан Ерімбетов отырыстың модераторы болды.

Мемлекет басшысы­ Н.Ә.Назарбаев Бес институтцио­нал­дық реформаны іске асыру үшін 100 нақты қадамды белгі­ле­гені мәлім. Бүгінгі уақытта мемлекет алдында тұрған бес ауқымды мақсат: орташа таптың үлесін арттыру, бірыңғай ішкі нарықты дамыту, жемқорлықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын құру және бірлікті нығайту. Ұлт Жоспары – Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қада­мын іске асыруда қолданатын тетік­терді дайындау үшін мүм­кіндік туғызатын тиесілі жағдай қалып­тастыру ең басты мәселе. Бұл ретте Халықаралық сарапшылар: «Қазақстанда әлемдегі өте жоғары мақ­сат қойған бағдарламалардың бірі бастау алды. Осындай жағ­дайда мейлінше мол нәтижеге қол жеткізу үшін азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынта-жігерін жұмылдырудың маңызы зор», ̶ деп баға берген болатын. Аталған Жоспарды іске асырудағы тиімді қоғамдық механизмдер бірінші кезекте, азаматтар мен мемлекет дамуының әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған күрделі институтционалдық өзгерістердің бастаушысы ретіндегі халықтың билікке сенімін күшейте түседі. «100 нақты қадам» Бағдарламасы – бес институтционалдық реформаны іске асырудың нақты алгоритмі. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы бес реформаның барлығын қамтитын Ұлт жос­парын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірледі. Аталған 50 қадам «Sarap Time» сарапшылар тобының отырысында таныстырылды. Бес институтционалдық реформаның әр қайсысы бойынша партия бірқатар заңнамалық актілерге бастамашы болды. Бірінші реформа бойынша, «Жалпыға ортақ бүгінгі мемлекет» реформасын іске асыру шеңберінде жастардың мемлекеттік және өкілетті билік органдарының қызметіне қатысуын кеңейту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала жұмыскерлерінің нәти­желі жұмысы үшін мораль­дық және материалдық ынталан­дыру жүйесін қарастыратын заң­на­малық актілерді қабылдау, мем­лекет­тік қызметкерлердің табыстары мен мүліктерін жария­лау мәселелерін реттеу бойынша ұсыныстар сарапшылар басқосуында сөз болды. Екінші рефор­ма бойынша «Заңның үстем­­дігін қамтамасыз ету» азамат­тық қоғам институттарының жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларға қатысуына арналған ұсыныстар дайындалды. Үшінші реформа негізінде, «Тұрақты экономика» бағыты бойынша жаңа Кәсіпкерлік кодексін қабылдау жолымен мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын заңнамалық түрде қысқарту, 2020 жылға қарай бизнестің операциялық шығынын азайтуды қамтамасыз ету, 2015 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін тарату үдерісін жеңілдету, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдау және басқа да ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге, Қазақстанның ЖМИ рейтингіндегі және түрлі көрсеткіштер («Әдеп пен жемқорлық», «Бизнес жүргізудің жеңілдігі», «Мемлекеттік қаржыны заңсыз пайдалану», «Бейресми төлемдер мен пара») бойынша позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар бекітілді. Жүйелі негізде өзара қарым-қатынас пен қоғамдық-саяси даму мен басқа да («Болашағы бір ұлт» бағыты бойынша) түрлі тақырыптағы партияның сұхбаттасу алаңының әлеуетін пайдалануды кеңейту, күшейту – болашақта іске асатын бастамалардың бірі. Бесінші реформа бойынша жиын барысында «Транспарентті және есепті мемлекет» шеңберінде заңдарды қабылдау бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру, оның ішінде сатып алу, келісім сомасы туралы ақпараттар үдерісінің ашық­тығы мен жариялылығы, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заңдарға байланысты да ұсыныстар сөз болды. Жиын барысында ортаға салын­ған ұсыныстар мемлекеттік қыз­мет­керлердің кәсібилігін түбе­гей­лі арттыруға, сот жүйесі мен құ­қық қорғау органдарының жұмы­сын модернизациялау бойынша тиімді әрекеттерге, қазақстандық біртек­тілікті нығайтуға, «Ашық Үкімет» жұмысының механизмдерін жетілдіруге, мемлекеттік органдарға қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталды.

Айдос Сарым, «Абай-ақпарат» қоғам­дық қорының вице-прези­ден­ті:

– Мемлекет басшысының «Мем­лекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамын іске асырудың қоғамдық тетіктері» атты бағдарламасын жүзеге асыруда ең алдымен билік пен қоғам бірлестікте жұмыс жүргізуі керек. «Sarap Time» клубының отырысында осы тақырып төңірегінде сарапшылар өзара пікір алмасуына толық мүмкіндік туды. «100 нақты қадам»  ̶ Ұлт жоспарының іс жүзінде орындалуы басшылық тарапынан бекітіліп отыр. Десе де, көпшілік қауымның аталмыш жобаға қатысты сұрақтары туындап жатқаны жасырын емес. Осы ретте мемлекет басшылығы мен қоғамдық орта халық тарапынан туындаған сұрақтарға жауапты бірге іздеуі керек деп санаймын. Елбасы бекіткен жоспардың орындалуы, талқыға салынуы аса маңызды процесс болып отыр. Аталмыш құжат қоғам тарапынан сұранысқа ие болып, оның мән-маңыздылығы жан-жақты талқыға салынуы өз кезегінде өзекті мәселе. Тіпті, дискуссиялық тақырыпқа айналуы керек деп есептеймін. Әсіресе, жобада дискуссиялық сұрақ тудыратын бірқатар маңызды бөлімдер де бар. Атап айтқанда, бұл қатарға жер мәселесіне қатысты туындаған сұрақтарға, жалпы «біз қандай ұлт қалыптастырамыз?» деген ойдың төңірегінде туындаған сұрақтарға жауап іздеуіміз керек. Елдің ертеңі үшін аса маңызды «100 нақты қадам» бағдарламасының басты субъектісін анықтау да бізге, мемлекет басшылығы мен қоғамға жүктелген міндет болмақ.

Олжас Құдайбергенов, «Мак­ро­эко­номикалық зерттеулер орта­лы­ғының» директоры:

– «Әлемдік тәжірбиеге сүйенсек, эконо­микалық тұрақтылығы қалып­тасқан елдерде Халықаралық қар­жылық орталықтар құрылған. Осыны ескере отырып, еліміздің бас қаласы Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру ұсынылып отыр. Егер аталған жоба іске асатын болса, салынатын капитал мөлшері еселеп елге қайтатын болады. Бір жағынан Қазақстанға салынған қомақты капитал, біздің мемлекеттегі геосаяси тұрақтылық арқасында сенімге ие болады. Осы ретте, Мемлекет басшысы бекіткен «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамын іске асырудың қоғамдық тетіктері» атты жоспардың аясында Елордасы Астана қаласында Халықаралық қаржы орталығын (AIFC) салу қарастырылып отырғандығы баршаға мәлім. Қаржы орталығы Astana EXPO-2017 инфраструктуралық жобасының құрылымдық бөлшегі болмақ. Сонымен қатар, Халықаралық қаржылық орталықтың ауқымы ТМД, Батыс Азия, Орталық Азия елдерін қамтиды деп жоспарлануда. Болашақта қаржы саласының орталығына айналуға ниетті біздің мемлекет ең алдымен әлемдегі 20-ға жуық қаржы аудару орталықтарына мүшелікке енуі керек. Бұл бастама ел экономикасының оңалуына, ауқымының кеңеюіне айтарлықтай септігін тигізеді.

Талғат Әбдіжаппаров, «Казпот­ребнадзор» ҚБ қамқоршылық кеңесінің төрағасы:

– Мемлекет басшысы бекіткен «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамын іске асырудың қоғамдық тетіктері» атты бағдарламасының ішінде «Нұр Отан» партиясы ұсынған практикалық негізге арналған 50 нақты қадамы бес реформаның әрқайсысымен тұстас, мәндес келетіндігін аңғарамыз. «Нұр Отан» партиясы ұсынған 50 нақты қадам дер кезінде көтерілген мәселелерді қамтуда. Осындай маңызды құжатты әзірлеуде партия өзінің тағы да ел әлеуетін арттырудағы маңызды рөлін көрсетіп отыр. Осы ретте айта кететін тағы бір мәселе, сарапшылар қауымы мен әрбір қоғам мүшесі Елбасы қабылдаған, Мемлекеттік маңызы бар бағдарламаның орындалуына белсенді араласу керек. Ешкімнің тасада қалып қоймағандығы маңызды. Іс жүзіне келгенде әркімге бір сілтеп қана отырмай, өзіміз шешім шығарып, өзіміз соны қабылдауға, жүзеге асыруға тырысуымыз керек.

Ерлан Саиров, Саясат ғылым­да­рының кандидаты, саясаттанушы:

– Бағдарламаны жүзеге асыру үшін белгілі бір заңдар қабылдап, өзге де шараларды ұйымдастыруға болады. Бірақ бірінші кезектегі маңызды мәселе  ̶ халықпен бірлестікте жұмыс жүргізу. Егер көпшілік қауым бағдарламаны игере алмаған, түсінбеген жағдайда «100 нақты қадам» ̶ Ұлт жоспарының сәтті шығуы, толықтай орындалуы мүмкін емес. Бұл ретте бас партия «Нұр Отан» бағдарламаның көпшілікпен бірге орындалуын қадағалауға, халықтың «100 нақты қадам» ̶ Ұлт жоспары аясында топтасуына ұйытқы болуы керек. Меніңше, бұл жүктелген тапсырманы «Нұр Отан» партиясы мүлтіксіз орындайды. Бүгінгі жиын­да талқыға салынған тақырып өте өзекті, ауқымды болып отыр. Сондықтан оны бос сөзге айналдырмай, бағдарламаның діттеген мақсатына жетуін қадағалауымыз керек. Егерде аталған бағдарлама шын мәнінде жүзеге асатын болса, қала мен облыс орталықтарында, тіпті, ауылдық, аумақтық өңірлерде өзін-өзі басқару ұйымын құруға мүмкіндік аламыз. Бұл дегеніңіз мемлекеттік лауазымның белгілі бір бөлігі қоғамдық ортаға беріледі деген сөз. Менің ойымша, еліміздегі аудандық мәслихат пен облыстық мәслихаттарға мүмкіндігінше ерік бері­луі керек. Сонда олардың халық­пен жұмыс жүргізуі жеңілдейді.

Андрей Чеботарев, «Альтер­на­тива» өзекті зерттеулер орталы­ғы­ның директоры:

– «Sarap Time» сараптамалық алаңында орын алған сарапшы мамандардың пікірі, айтылған дискуссиялық ойлар аса маңызды. Сонымен қатар, қоғамдық ортада туындаған ойлар мен айтылған пікірлер де өз кезегінде өзекті болмақ. Біз талқылау барысында тек қана сарапшылар пікірімен шектеліп қалмай, қоғамдағы еңбек қызметкерлері мен әр топтағы өкіл­дермен ой алмасып, ол азаматтардың да тұжырым, пайымымен санасуға тиіспіз. Әрине, талқылаудың жөні осы екен деп жүйесіз, бейберекет кетудің, бағдарламаны тек сынның астына алудың қажеті жоқ. Мемлекет басшысы бекіткен «100 нақты қадам» ̶ Ұлт жоспарының ең алдымен сәтті шығуы, ол халықтың белсене атсалысуына тікелей байланысты болмақ. Мысалы, жоспарды орындауда халықтық инициатив қалыптасса, елдегі сараптамалық топтардың белсенділігі, қабілеттілігі арта түседі. Бұл жерде халықтың, қоғамның рөлі – ең маңыздысы. Осы негізде менің әріптестерімнің біраз жайттарға назар аударуы керек. Біріншіден, қоғамдық өкілдердің пікірлерін тыңдау, әр салада ұйымдасқан топтардың жоспарларын басшылыққа алу. Екіншіден, бекітілген бағдарламаны көпшілік қауым қалай қабылдайды? Жалпы халық үшін өзекті болып отырған мәселе не деген сұрақтарға бірлесе отырып жауап іздеу қажет. Сонымен қатар, бағдарлама негізінде көтерілген тақырыптардың қайсысы өзекті, қайсысының маңыздылығы төмен, қайсысының мүмкіндігі жоғары, осы мәселені сараптап, жалпы өлшем жасау керек. Ал «Sarap Time» сараптамалық жиынында мамандардың, сарапшылардың өзара пікір алмасуы, жалпы жиынның ұйымдасуы «100 нақты қадам» ̶ Ұлт жоспарының жемісті, нәтижелі орындалуына жасалған қадам деп білемін.

 Саясат Нұрбек, Қоғамдық сая­сат институтының директоры:

– «Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назар­баев партияның XVI Съезін­де жария еткен 5 институтцио­нал­дық реформасы шеңберінде, партия Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады. «Нұр Отан» партиясының «100 нақты қадамды» жүзеге асыруда екі үлкен миссиясы бар. Біріншісі – «нақты қадамдарды» кең ашып, халыққа түсіндіру. Яғни, олардың ішкі логикасы қандай? Мағынасы қандай? Неліктен осы «100 нақты қадам» маңызды? Олар қалай жүзеге асырылады? Ал, екіншісі – бүкіл қоғамды, қоғамдық күштердің бастарын қосып, «100 нақты қадамды» жүзеге асыру. Бұл тек қана Үкімет, мемлекеттік мекемелердің күшімен жүзеге асырылмайды. Жалпы қоғам болып бірлесе күш жұмсауға тиіспіз.

Эдуард Полетаев, «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі:

– «Мемлекет құрылысының одан арғы дамуының 100 нақты қа­дамын іске асырудың қоғамдық тетіктері» атты бағдарлама ел әлеу­етін арттыруға бағытталған аса маңызды саяси құжат. Алдағы уақытта оның маңыздылығы іс жүзінде дәлелденбек. Қоғамдық пікірді қалыптастырып, халықтың әл-ауқатын оңтайландырып, бірізділікке түсіруде, сондай-ақ, біртұтас идея төңірегінде жүйеленуге бағытталатын бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» ̶ Ұлт жоспарының тұтастай орындалуы маңызды болмақ. Сондықтан «100 нақты қадам» ̶ Ұлт жоспарын іске асыратын белсенді орта қалыптастыру қажет. Бүгінгі таңда қазақ қоғамының мақсат-мүддесін айқындайтын бірден бір жоба осы болмақ. Соның негізінде 2050 жылы экономикасы қарқынды дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік аламыз. Бұл дегеніміз Қазақстанның жарқын болашағын айқындайтын жаңа белес, жаңа бағыт!

Артур Нығметов, «Медиалық технологиялар орталығының» директоры:

– Біз күн тәртібінде тұрған қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге қатысты белгілі сарапшылар бас қосып талқылайтын бірегей пікірталас алаңын жасадық. «Sarap Time» Клубының бірегейлігі сол, біз тақырыпты тек қана талқылап қоймай, жарияланған реформаларды іске асырудың оңтайлы тетіктерін ұсынамыз. Клубтың алғашқы отырысы ағымдағы жылдың мамыр айында өтіп, волонтерлік қызмет туралы заңнаманы қарастырды. Жуырда «Sarap Time» клубының екінші отырысын өткіздік. Бұл жерде өткендегіден анағұрлым күрделі тақырып талқыланды. Бұл кезекте біз Ұлт жоспары – «Мемлекет құрудың 100 нақты қадамы» ортаға салынды. Дәлірек айтсақ, сараптық дискурстың міндеті – мүдделі қоғамдық күштердің Ұлт жоспарының іске асырылуындағы рөлдері мен бағыттары, негізгі тетіктері белгіленді. Бұл жерде «Sarap Time» клубының өз қадамын айтарлықтай сәтті бас­тап, саяси, экономикалық және әлеуметтік трансформация секілді әртүрлі процестерге орай тиімді шешім өңдеп шығаратын өзіндік қосалқы құрал ретінде өзін ұтымды көрсете білгенін айта кету керек. Ұлт Жоспары Қазақстанның жаһандық және ішкі өзгерістерге жаңа тарихи жағдайда дамыған 30 ел қатарына кіруіне жауабы болмақ. Алдымен, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» «Стратегия -2050» ұзақ мерзімді жоспарының іске асырылуына атсалысып, елдің болашақта тұрақты дамуы мен сыртқы кедергілерге қарамастан халық жағдайын жақсарту негізін қалауға жол ашады. Сондықтан, Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамды» іске асыру бойынша туындаған сұрақтарға халық пен билік біріге отырып жауап тапқаны дұрыс. «Sarap Time» алаңында бұл мәселе бойынша сарапшылардың мазмұнды пікір алмасуына қол жеткіздік. Осы «Sarap Time» клубының мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдық-саяси Институтының директоры Саясат Нұрбек өте маңызды құжат – реформаның бесеуін де қамтамасыз ететін «Ұлт Жоспарын іске асыру тәжірибесі бойынша «Нұр Отан» партиясының 50 ұсынысын» алға тартты. Ұлт Жоспарын іске асыру барысында халықпен кері байланыс орнатылғаны маңызды. «Sarap Time» Клубының мәжілісінде сарапшылар осы мәселені белгілеп көрсетті. Егер халықпен кері байланыс болмаса, Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамды» іске асыру қиындай түспек. Осыған байланысты, еліміздің жетекші саяси күші ретінде бас­ты рөл «Нұр Отан» партиясына жүктеледі. Өз басым «Нұр Отанның» бұл міндетті орындай алатындығына еш күмәнім жоқ. Сондықтан, Ұлт Жоспарының сәтті орындалуы тек қоғамдық белсенділіктің арқасында мүмкін екендігін тағы да атап өткім келеді. «Нұр Отан» партиясы бес институционалды реформаның әрқайсысына қатысты бірқатар заңнамалық актілер қабылдамақ. Әртүрлі тақырыптар бойынша қоғамдық-саяси дамудың өзекті мәселелерін талқылау үшін партияның пікірталас алаңын кеңейту және өзара ықпалдастыру жүйелі түрде күшейтілетін болады. Аймақтарға шығып, Ұлт Жоспарын Қазақстанның облыс орталықтары, аудандары мен ауылдарында жұртшылықпен бірге талқылау керек. Олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, білу қажет. Сондықтан, мұның барлығын сарапшылармен ғана емес, әртүрлі еңбек ұжымдарында, әртүрлі форматтарда қоғамдық тыңдау деңгейінде талқылау қажет. Жоспардың табыс­ты жүзеге асуы жұртшылықтың белсенді қатысуы жағдайында ғана мүмкін. Бастаманың жоғары­дан ғана емес, төменнен болуы маңыз­ды.

 

Дайындаған Еркежан ЖҰМАТАЙ

Серіктес жаңалықтары