«ҚЫЗ ЖIБЕК» ЖЫРЫНА – 500 ЖЫЛ

«ҚЫЗ ЖIБЕК» ЖЫРЫНА – 500 ЖЫЛ

«ҚЫЗ ЖIБЕК» ЖЫРЫНА – 500 ЖЫЛ
ашық дереккөзі

Алматы қаласы Iшкi саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Жерұйық» қоғамдық бiрлестiгi «Мемлекеттiк «Мәдени мұра» және «Алматы қаласының мәдени мұрасы» аймақтық бағдарламаларының тиiмдi жүзеге асуы барысын зерттеу» жобасы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасын жетiлдiру бағытында әлеуметтiк зерттеу жүргiзiп, оны қоғам назарына ұсынып отыр.

Зерттеу нәтижесi көрсетiп бергендей, сауалнамаға қатысушылардың 80% пайызы «Мемлекеттiк «Мәдени мұра» және Алматы қаласының аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығып жатқан дүниелердiң, кiтаптардың, фильмдердiң т.б. халықтың толыққанды игiлiгiне айнала алмай отырғандығын аталған дүниелердiң өте аз таралыммен шығатындығы немесе бағдарламаның бұқаралық сипатына мән берiлмей жатқандығында деп түсiндiредi. Мiне, осы сынды жайттарды әлеуметтiк зерттеу барысында зерделеген «Жерұйық» қоғамдық бiрлестiгi бұл тұрғыда конференцияға аталған тақырыппен айналысып жүрген барша сарапшы-мамандарды, қоғамдық ұйым өкiлдерiн шақырып, жүргiзген әлеуметтiк зерттеумен таныстырып, пiкiр алмасып, ортақ мәмiле қабылдамақ.

Халқымыздың бай мәдени мұрасының бiрi – «Қыз Жiбек» жырын бүгiнгi елiмiздiң рухани айналымына қосу барысындағы iс-шаралар «Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасының тиiмдi жүзеге асып жатқандығының көрiнiсi iспеттi.

Биыл «Қыз Жiбек» жырының 500 жылдығына орай аталған жырдың Жүсiпбек Шайхсламұлы орындауындағы нұсқасын толығымен (орындаған жыршы Мұхтар Өтебаев, мәтiнiн оқыған Фарида Шәрiпова) Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң әлеуметтiк тапсырыс аясындағы тiкелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бiрлестiгi жарыққа шығарды. Осы жырды жақында Қазақ және Шалқар радиоларының әуе толқыны арқылы тыңдарманға тарту етiлдi. Және де «Жерұйық» қоғамдық бiрлестiгi аталған радиолар арқылы жазушы Ғабит Мүсiреповтың сценарийi бойынша жасалған «Қыз Жiбек» жырының музыкалық-танымдық радио-спектаклiн тыңдарман назарына ұсынды. «Жерұйық» қоғамдық бiрлестiгi халық арасында «Қыз Жiбек» жырын кеңiнен насихаттау барысында қоғам қайраткерлерiнiң, тарихшы-ғалымдардың және музыканттардың қатысуымен аймақтарда ғылыми-тәжiрибелiк конференция мен дөңгелек үстелдер өткiздi.