Ақмола облысының Аршалы ауданында сұмдық жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Екатеринбург – Алматы» автожолының 1295-шақырымында, Жалтыркөл ауылының маңында Nissan Patrol және Chery Tiggo көліктері соқтығысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан Nissan Patrol көлігі Chery-ге соғылып, соның салдарынан екінші көлік қатты қысылып қалған, ал ішіндегі жолаушылар сыртқа шыға алмай қалған.
Апат салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапты.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында Аршалы аудандық полиция бөлімінің бастығы К. Битақов бастаған полицейлер жұмыс істеуде.
Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.