Димаш Құдайберген жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды

/
Димаш Құдайберген жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды
коллаж :turkystan.kz

Қазақстандық әйгілі орындаушы Димаш Құдайберген көпшілікке бұрын-соңды болмаған жаңа бейнесін ұсынып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.  

Әлеуметтік желілерде ол ұлттық эпос стилінде түсірілген бейнежазбасын жариялап, бірден қолданушылардың назарын өзіне аударды.

Әлем сахналарында өзін мойындатқан өнер иесі бұл жолы қазақи киім киіп, батыр кейпінде көрініп, ерекше әсер қалдырды. Видеоның көркемдік тұжырымдамасы – дәстүр мен заманауи элементтердің үйлесімді тоғысы: әсерлі музыка, рухты көріністер және ұлттық нақыштағы киімдер көрерменге терең әсер берді.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары жылы пікірлерін жаудырды:

«Шын мәнінде қазақ рухын танытқан бейне», «Димаш – нағыз мәдени елші», «Дәстүр мен жаңашылдықты шебер үйлестірген» деген секілді пікірлер көптеп жазылды.

Аталған бейнеролик ресми музыкалық клип пе, әлде креативті жоба ма – бұл жағы әзірге белгісіз. Алайда жанкүйерлер Димаштан алдағы уақытта нақты ақпарат күтуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары