Әйел суреті бейнеленген АҚШ доллары шықпақ

Әйел суреті бейнеленген АҚШ доллары шықпақ

Әйел суреті бейнеленген АҚШ доллары шықпақ
ашық дереккөзі
1795

2020 жылы АҚШ Конституциясына әйелдерге дауыс беру құқығы қабылданғанына жүз жыл толады. Осыған орай, 10 АҚШ долларына алғаш рет әйел суреті бейнеленбек. Бұл құрметке кім лайықты екенін америкалықтардың өздері таңдауы тиіс. Бұл туралы тілшілерге АҚШ Қаржы министрі Джейкоб Лью хабарлады, деп жазады ТАСС.

«Алғашқы банкноттарымыз айналымға енгізілген кезден бастап валюталық купюралардағы бейнелерді тек бірнеше рет ауыстырдық, мен жаңа «ондықтардың» жүз жылдан астам уақыт өткеннен кейін алғаш рет әйел бейнесі салынғалы тұрғанын мақтан етемін», — деді Джейкоб Лью.  Бұған дейін 10 долларлық банкнотта президент Джордж Вашингтонның тұсында АҚШ Қаржы министрі болған Александр Гамильтон бейнеленген екен.

Серіктес жаңалықтары