Ұшақтағы өртке газ жүйесіндегі ахуал себеп болуы мүмкін

Ұшақтағы өртке газ жүйесіндегі ахуал себеп болуы мүмкін

Ұшақтағы өртке газ жүйесіндегі ахуал себеп болуы мүмкін
ашық дереккөзі
235

Ақтау халықаралық әуежайында өртке оранған Боинг-747 ұшағына қатысты, Скат әуекомпаниясы алдын-ала болжам жасады. Олар «апаттың шығуына көліктің газ жүйесіндегі қандай бір ақаулық себеп болуы мүмкін», - деп отыр. Бұл жайында аталған әуекомпанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Ульяноваға сілтеме жасап, Интерфакс хабарлайды.

Кеше кешкісін Ақтау халықаралық әуежайындағы ұшу-қону алаңында тұрған ұшақ өртенді. Әуе көлігі жергілікті уақытпен 18:18-де Астанадан ұшып барған болатын. Ол техникалық тексерістен өтіп, келесі сапарға аттану үшін ұшу-қону алаңына жеткізілген. Араға аз-кем уақыт салып, ұшақтан өрт шыққан. Қызыл жалынды әуежайдағы күш құрылымдары мамандары өшірді. Төтенше жағдай кезінде бортта жолаушылар да, ұшқыштар да болмаған.  Жапа шекендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары