599
Сот кабинеті – сотқа қолжетімділік кепілі
Сот кабинеті – сотқа қолжетімділік кепілі
Ашықтық, жариялылық секілді қағидаттармен қатар жеделдік, қол- жетімділік те бүгінгі күні басты талап ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Ал, сол жеделдік, қолжетімділік, үнемділік секілді талаптардың үдесінен шығудың бірден-бір жолы – заманауи технологияларды кеңінен қолданысқа енгізу.
Бұл жайлы Алматы қаласы Алатау аудандық сотында «Сот кабинеті – сотқа қолжетімділік кепілі» тақырыбында өткен семинар барысында судья Ербол Ак-куов тілге тиек етті. Шара тізгінін ұстаған Алатау аудандық сотының судьясы «Сот кабинеті» сервисінің ерекшеліктерін семинарға қатысушы сот қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінің есіне салып, аудандық соттың кіріс құжаттарындағы аталмыш сервистің үлесіне тоқталды. «Сервис жалпы сот төрелігін халыққа қолжетімді ете түсуге соны серпін берді. Бұған республика соттарының өздеріне «Сот кабинеті» арқылы келіп түскен құжаттардың көрсеткіші жайлы жариялап жатқан мәліметтері дәлел. Алатау аудандық сотына келсек, өткен 2017 жылы қырық мыңнан астам кіріс құжаттары келіп түскен, соның 6426-сы және биылғы 1593 талап арыздың 1032-і «Сот кабинеті» арқылы келген. Яғни, бұл 77 пайыз. Демек, аталмыш сервисті енгізудегі бастапқы мақсат орындалып келеді», – деді Ербол Мұратұлы.
Құқықтық мемлекетте дау-дамайлар негізінен сот арқылы ғана шешілетінін ескерсек, төрелік іздегендердің талап арызы сотқа тезірек жетуінде бұл сервистің рөлі зор екені даусыз.