1749
Қырғызстан: Наурыз нақыштары
Қырғызстан: Наурыз нақыштары
Биылғы наурыз айы айрықша болды. Ай ортасында Астана қаласында Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан басшылары бас қосып, Наурыз мерекесіне орай бірлескен мәлімдеме жасаған.
Бірлескен мәлімдемеде Наурыз мейрамының аты аталған елдерді біріктіретін мәдени-тарихи құндылықтарды дәріптейтіні, ата-бабадан қалған ортақ мерекені дамыту қажеттігі айтылды.
Биылғы жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қырғыз елінде де ерекше атап өтілді. Осы ретте Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы Наурыз мейрамынан оқырмандарымызға фоторепортаж ұсынғанды жөн көрдік.
- Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып Кәрім Көкірекбаев тағайындалды. Өз қызметіне кіріскен елші Наурыз мейрамын тойлауда ұлттық дәстүрімізге басымдық берді.
- Бішкек. Алатау алаңындағы Наурыз мерекесінде. Ұмай ана арша түтетіп, «Алас, алас...» айтуда.
- Наурыз мейрамын тойлауға Қырғызстан халық ассамблеясы құрамындағы ұлттық орталықтар түгел қатысты (қырғыздар, өзбектер, күрділер, сахалар).
Назарбек БАЙЖІГІТОВ,
«Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі