Мектепте қаржы сауаттылығы оқытылады

Мектепте қаржы сауаттылығы оқытылады

Мектепте қаржы сауаттылығы оқытылады
ашық дереккөзі
320
Елімізде мектеп оқушыларына қаржы сауаттылығы оқытылады. Қаржы сауаттылығы мен кәсіпкерлік құзыреттілігін дамыту бойынша 10-11 сынып оқушылары арнайы сабақ өтетін болады. Бұл турасында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі аясында өтіп жатқан «Рухани жаңғыру»  сессиясы кезінде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. «Қаржы сауаттылығы мен кәсіпкерлік құзыреттілігін дамыту бойынша 10-11 сынып оқушылары арнайы сабақ өтетін болады. Бұл өте маңызды қадамдардың бірі. Сонымен бірге кәсіптік колледждерде нарық ыңғайына қарай оқушыларға қаржы сауаттылығы үйретіледі. Олар оқуды бітірген соң жұмыс іздеуші маман емес, жұмыс берушіге айналады. Мұндай жоба осыған дейін Қарағандыда іске асырылды, бүгінде алғашқы нәтижесін де көрсетті», дейді вице-министр Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары