Гуанчжоуда көлік сататын автомат орнатылды

Гуанчжоуда көлік сататын автомат орнатылды

Гуанчжоуда көлік сататын автомат орнатылды
ашық дереккөзі
Гуанчжоуда автокөліктер сатуға арналған сауда аппараты орнатылды. Бұл құрылғы Ford және Alibaba компанияларының арасындағы ынтымақтастық аясында құрылды, деп хабарлайды Today.kz. Құрылғы қарапайым сусын сатып алу сияқты, машина сату процесін жасайды деп болжанады. 20 метрлік автоматты құрылғы 40 автокөлік сыятын, көпқабатты паркингтен тұрады. Пайдаланушылар бағдарлама арқылы өздері қалаған автокөлікті таңдап, ұнақтан көлігін үш күндік тест-драйвке ала алады. Сонымен қатар, автокөлік құнының 10 пайызын алдын-ала төлейді. Әрі қарай, клиент Alipay жүйесі арқылы тауардың құнын толық өтеу үшін ай сайынғы төлем жасауға міндетті. Ал, сату процесі қашан басталатыны хабарланбаған. Сондай-ақ, бұл қызметті пайдаланушылар Alibaba ұсынатын қызметтерге жеңілдіктер ала алады.