Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды

/
Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды
ашық дереккөзі
Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды Қарағандыдан Алматыға ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының  Boeing-757 ұшағы шұғыл түрде Астана әуежайына қонды. Бұл туралы компанияның Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімденді.  />Оқиға 24 наурызда орын алған.

«Бүгін әуекомпаниясының Қарағанды-Алматы бағыты бойынша КС 312 рейспен ұшып шыққан Boeing-757 ұшағы техникалық себептер бойынша Астана әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды», – делінеді хабарламада.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22:34-те штаттық тәртіп бойынша қонған.

«Экипаж қауіпсіздік жөніндегі халықаралық процедураларды сақтады. Жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылып, таңертеңгі КС 622 және 952 рейстерімен Алматыға жөнелтіледі. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінеді хабарламада.

 

                                                                                    </div>




                        
                        
                    </article>
					
                    <div class=
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары