Қостанайлықтар Колядинге пәтер сыйламақ

Қостанайлықтар Колядинге пәтер сыйламақ

Қостанайлықтар Колядинге пәтер сыйламақ
ашық дереккөзі
253
 Қостанайлықтар Паралимпиада жеңімпазы Александр Колядинге пәтер сыйламақ. Бұл туралы 19 наурызда өңір басшысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жиналысында айтты, деп хабарлайды vesti.kz.  Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында 1 жарым шақырым спринтте алтын медальді жеңіп алған шаңғышыны бірнеше күннен соң туған жерінде салтанатты түрде күтіп алады. Әкімдіктегілер жергілікті бюджеттің арқасында 2015 жылы Александрдың тірсегіне протез салып берген. Ол соның арқасында спортпен айналысуды белсенді түрде дамытқан. Мұндай протез 1,9 миллион теңге тұрады. Биыл осы протезді алмастыруға да қаражат қарастырылған. Сондай-ақ 2017 жылы спортшы Кирилл Остапенкоға да көмек көрсетілген. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Александр Колядиннің басқаларға позитивті мысал бола алатынын айтады. Өңір басшысының айтуынша, мүгедектерге спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын құруға мүмкіндік жасау керек.

Серіктес жаңалықтары