Сарыағаштық бүлдіршіннің ісіне шетелдік мамандар сараптама жүргізеді

Сарыағаштық бүлдіршіннің ісіне шетелдік мамандар сараптама жүргізеді

Сарыағаштық бүлдіршіннің ісіне шетелдік мамандар сараптама жүргізеді
ашық дереккөзі
ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісіне халықаралық сарапшылар шақырылуы  мүмкін. Бұл туралы «Ана үйі» қоры атқару комитетінің төрағасы Анар Рахымбаева мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.  «Мен баланың анасының ресми өкілімін. Бас прокуратураның өкілімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Баланың анасы дүйсенбі күні Алматыға барады. Ол біздің Алматыдағы дағдарыс орталықтарымыздың біріне орналасады. Барлық шаралар прокуратураның қадағалауымен жүргізіледі. Осы іске халықаралық сарапшыларды жұмылдыру арқылы сараптама өткізу мәселесі шешіліп жатыр», - деді ол. Анар Рахымбаеваның айтуынша,баланың анасына "Ана үйінің" мамандары көмектесуде. «Оған қазір мамандар қамқорлық көрсетіп отыр. Ол отырған Ана үйінде тағдырдан жапа шеккен тағы да 14 ана бар. Мен үш күннен бері онымен біргемін. Олар Өзбекстаннан келген этникалық қазақтар», - деді А. Рахымбаева. Оның сөзіне қарағанда, 14 жасынан еңбекке жегілген ана отбасын жалғыз өзі асырап отыр. «Тіпті баланы өмірге әкелген соң қиын да болса баласын өзі аяққа тұрғызуға шешім қабылдаған. Тағдырдың жүгін арқалаған әйел баласын әжесіне қалдырып, Алматыға жұмыс іздеп кеткен. Мұндай жағдай, Қазақстандағы көптеген отбасында бар. Әйел қазір қайғыға булығып отыр. Мемлекет оны барынша қорғайды», - дейді Анар Рахымбаева. Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген» деген ақпарат тараған соң, дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен Сарыағаш аудандық ІІБ ПБ қылмыстық іс қозғаған болатын. Кейін еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева Шымкентке арнайы барып, келеңсіз оқиғаға душар болған жеткіншекті өзімен бірге елордаға алып келді.