Ресейдегі сайлау: Қазақстан бақылаушылар саны жөнінен алдыңғы орында

Ресейдегі сайлау: Қазақстан бақылаушылар саны жөнінен алдыңғы орында

Ресейдегі сайлау: Қазақстан бақылаушылар саны жөнінен алдыңғы орында
ашық дереккөзі
345
Бүгін Ресейде президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға Қазақстан Республикасынан барған 203 бақылаушы Федерацияның 23 субъектісінде бақылау жүргізуде.  Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясы құрамында 136 қазақстандық, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы миссиясынан - үш, сондай-ақ, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ құрамында 39 бақылаушы бар.   Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан бақылаушылар делегациясын Төраға Берік Имашев басқарады. Сонымен қатар, сайлауды бақылауға ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров, ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина, ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина және Ортсайкомның аппарат қызметкерлері қатысуда.   Парламентаралық өзара әрекет шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті атынан 25 бақылаушы, оның ішінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан (6), ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясынан (10), ҰҚШҰ (2) және Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесінің шақыруы бойынша (7) бақылаушы жұмыс жүргізуде. Ресей тарапы бұл сайлауда Қазақстанның бақылаушылар саны бойынша алда келе жатқанын атап өтті.  

Серіктес жаңалықтары