Ұшақтан құлап кеткен стюардесса көз жұмды

/
Ұшақтан құлап кеткен стюардесса көз жұмды
ашық дереккөзі
Ұшақтан құлап кеткен стюардесса көз жұмды Апаттық жағдайда шығатын есіктен құлаған Emirates ұшағының стюардессасы көз жұмды. 
Оқиға Уганданың Энтеббе қаласында Emirates — EK 730 рейсін ұшуға дайындау кезінде болған. "Ұшақ экипажының мүшесі Энтеббе халықаралық әуежайынан ұшар алдында апаттық шығу есігін ашып, ұшақтан секіріп кетті", — деп жазады Daily Monitor. Әйел адам алған жарақатынан көз жұмған. Оқиғаның себептері әлі белгісіз, бірақ куәгерлер әйелдің өз-өзіне қол салған болуы мүмкін екен айтады. Қаза тапқан стюардессаның қолында әйнек бөтелкеге ұқсас зат болған. "Тізесі жарақаттанған, денесінде тіліктер болды", — дейді оқиға куәгерлерінің бірі. Компанияның ресми өкілдері, баспасөзге хабарлама дайындап жатқандарын әрі тергеумен өзара байланыста екендерін айтты.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары