ІІМ: Бишімбаевқа колонияда ешқандай артықшылық берілмейді

ІІМ: Бишімбаевқа колонияда ешқандай артықшылық берілмейді

ІІМ: Бишімбаевқа колонияда ешқандай артықшылық берілмейді
ашық дереккөзі
329
10 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа жазасын өтеу барысында ешқандай артықшылық берілмейді. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков мәлімдеді.  «Астанадағы максималды қауіпсіздіктегі бірден-бір колония - 166/10 түзеу колониясы», - деді Астанада қылмыстық-атқару жүйесі бойынша өткен қоғамдық тыңдауда журналистер сұрағына жауап берген Базылбеков. Оның айтуынша, сотталған бұрынғы министрге ешқандай артықшылықтар берілмейді. «Біз бұған дейінгі сабақ болғандықтан, сотталушыларға қандай да бір артықшылықтардың берілмеуін қатаң түрде бақылайтын боламыз. Рұқсат етілетін норма бойынша - оның өмір сүруіне 3,5 шаршы метрден кем емес орын, маусымдық киім, үш уақыт тамақ, медициналық көмек беріледі. Мекеме барақ типтес. Ол 50-60 орынға арналған», - деді ол. Айта кетейік, кеше Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы іске қатысты өзге де сотталушыларға сот үкімі шыққан болатын. Үкім бойынша Бишімбаев 10 жылға сотталды.  

Серіктес жаңалықтары