Стивен Хокинг дүниеден өтті

Стивен Хокинг дүниеден өтті

Стивен Хокинг дүниеден өтті
ашық дереккөзі
Британдық физик ғалым Стивен Хокинг өмірден өтті. Бұл туралы бүгін ғалымның отбасы мүшелері хабарлады.  "Бүгін сүйікті әкеміздің қайтыс болғанына қатты қайғырып отырмыз. Ол ұлы ғалым әрі керемет адам болды. Оның еңбектері мен мұралары бізбен бірге ұзақ жасайды" делінген Хокингтің балалары Люси, Роберт және Тим таратқан мәлімдемеде. Стивен Хокинг 1942 жыл 8 қаңтарда дүниеге келген. 1962 жылы ол Оксфорд университетін бітіреді, ал 1966 жылы Кембридж Университетінің Тринити Хол колледжінде Ph.D дәрежесін алады. 1965 жылдан бастап Кембридж Университетінде жұмыс істей бастады. 1968—1972 жылдары Теоретикалық астрономия Институтында, 1972—1973 жылдары Астрономия Институтында, 1973—1975 Қолданбалы математика және Теоретикалық физика кафедрасында жұмыс істеді, 1975—1977 жылдары Гравитация теориясынан сабақ берді, 1979 жылдан бері математика профессоры. 1974—1975 Калифорния технологиялық институтында степендиат болған. Стивен Хокинг – кванттық космологияның негізін салушылардың бірі, "Үлкен жарылыс" нәтижесінде әлемнің пайда болғаны туралы теорияны зерттеген, "Қара тесік" теориясын ашуда көп еңбектенген. Физик "радиация салдарынан қара тесік жоғалып кетті" деген теория ойлап тапқан. Ол теория "Хокинг сәулеленуі" деп аталады. 1979 жылы ол академиялық саладағы ең мәртебелі лауазым – Кембридж университетінің Лукасовский профессоры деген атаққа ие болған. Оның 1988 жылы шыққан "Уақыттың қысқа тарихы" кітабы бестселлер болып, Хокингті әлемге танытқан. 1960-жылдардың басында Хокингте жанама амфиотрофикалық склероз ауруының белгілері байқалып, кейін сал ауруына ұшыраған. Ғалым дәрігерлердің болжамына қарамастан, бұл сырқатымен 50 жылдан астам уақыт өмір сүрді. Ғалымның тек бет бұлшық еттері ғана сау қалып, алдына датчик қойылған. Ол датчиктің көмегімен компьютерді басқарған.