Паралимпиада-2018: Колядин Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

Паралимпиада-2018: Колядин Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

Паралимпиада-2018: Колядин Қазақстан қоржынына алтын медаль салды
ашық дереккөзі
Пхенчханда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түскен шаңғышы Александр Колядин  алтын медаль иеленді.  Бүгінгі шаңғы жарысы Қазақстан үшін жеңіспен аяқталды. Классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік шаңғы жарысында жарысқан спортшылар арасында қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде де, жартылай финалда да үздік болды. Александр Колядин финалда 4 минут 19,7 секунд нәтижесін көрсетіп, алдына жан салмады.  Күміс медаль жапониялық Йошихиро Ниттаның еншісінде кетсе, «қола» Канада өкілі Марк Арендз және Финляндиядан Иикк Туомистоға бұйырды.