305
Қытай жатақханасында көз жұмған қазақстандық студенттің өліміне не себеп?
Қытай жатақханасында көз жұмған қазақстандық студенттің өліміне не себеп?
Қытайда білім алып жүрген қазақстандық студент Чанжоу қаласындағы студенттер жатақханасында қайтыс болды. Бұл туралы "Новый вестник" хабарлады.
Он тоғыз жастағы Валерий Катиев Қытайдағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқыған. Екі апта бұрын ол Қарағандыда ата-анасының үйінде демалысын өткізіп, бірнеше күннен кейін Чанжоуға қайта оралған. Жатақханада ол досымен бірге тұрыпты.
Ұлының қаза болғанын ата-анасы 12 наурызда естіген, алдын ала мәлімет бойынша, жігіт уланып қалған.
"Бізге кеше кешке ұйқыға жатарда оның жағдайы нашарлағанын айтты. Таңертең тұра салысымен балконды ашқан. Досы оны төменге алып түсіп, сол жерде адамдар "жедел жәрдем" шықырған. Дәрігерлер Валерийдің өмірін ажалдан арашалап қала алмады", — деді марқұмның досы Анастасия Герасимова.
Валерийдің әкесі 13 наурыз күні Қытайға жүріп кеткен. Қаза болған студент Ресей азаматтығын алғаны белгілі болды, сондықтан Қазақстанның СІМ мәйітті жеткізуге көмектесе алмайтындықтарын хабарлады.