8 Наурыз 2018, 00:18 509 0 Өнер Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

«Әміре» фильмі сәуірде прокатқа шығады

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген «Әміре» фильмінің түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындының түсіру тобы картинаның трейлерін жарыққа шығарды. Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған  көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады.

Халықаралық түсірілім тобының құрамында америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa), оператор – Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған австралиялық және америкалық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.

Картинаның бас продюсері, DAR компаниясының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов алдағы тұсаукесер туралы былай деді: «Әміре Еуропа қошемет көрсетіп, қол шапалақатаған қазақтан шыққан алғашқы әнші бола тұра, өз елінде әділетсіз ұмыт болған. Сондықтан да мен үшін осындай ерекше дарын иесі туралы  көпшіліктің білгені маңызды.  Біз замандастарымызға Әміре Қашаубаевтың қиын өмір жолын және фильмде шырқалатын оның дауысын естуге мүмкіндік бергіміз келеді. Әмірені жақын танып, ұлттық дәстүрлі өнермен етене танысқан отандастарымыздың бойында мақтаныш сезімі оянады деп сенемін. Өйткені, біздің музыка мәдениетін қалыптастырған осындай адамдар, есімдер біздің тарихымызда қалуға тиісті. Әлем кинематографиясында музыка драмасы жанрында түсірілген фильмдер көп емес. Сондықтан отандық көрермендерге бұл жанрдағы картинаны көріп, өткен ғасырдың 30-жылдарына саяхат жасау қызықты болуға тиісті деп ойлаймын. Бұл Қазақстан кинематографиясын жаңа сатыға көтеруге бағытталған бірегей картина болмақ. Отандық көрермендер жоғары деңгейде бағалайды деп үміттенемін».

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты  біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді.

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген «Әміре» фильмінің түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындының түсіру тобы картинаның трейлерін жарыққа шығарды. Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған  көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады.

Соңғы жаңалықтар