Ресейлік мамандар киіктердің қырылу себебін анықтады
Ресейлік мамандар киіктердің қырылу себебін анықтады
РФ ауылшаруашылығын бақылау қызметкерлері жүргізген зерттеу нәтижесінде қырылған киіктердегі аусыл, оба сияқты аурулар жоққа шығарылды. Барлық сынамалардан В типті (геморрагиялық септицемия қоздырғышы) Pasteurella multocida анықталып отыр. Бұл ақпаратты РИА Новости Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметінің хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жануарлардың денсаулығын қорғау федералдық орталығына қарасты референттік зертхана қызметкерлері Қазақстанның Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы киіктерге 1-2 маусым күндері зерттеу жүргізді. "Орталық қызметкерлері жүргізген зерттеу нәтижесінде аусыл, оба сияқты аурулар жоққа шығарылды. Барлық сынамалардан В типті (геморрагиялық септицемия қоздырғышы) Pasteurella multocida анықталды", — деп хабарлайды ведомство. Қазақстанда 2015 жылдың мамыр айының ортасынан бері киіктердің жаппай қырылуы орын алып, қырылған киіктердің саны 132 мың басқа жеткен болатын.