299
"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?

"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" бұйрығына сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылатынын және конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтетінін хабарлайды", — делінген баспасөз хабарламасы.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" атап өткендей, қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісім-шарттар негізінде шетелде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биыл түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.