6 Наурыз 2018, 11:01 417 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

АҚШ-та мерт болған студент Қазақстан азаматы емес

АҚШ-та мерт болған студент Даир Сағдиев Қазақстан азаматы емес. ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов осынадй мәлімдеме жасады. 

"Біз тексеріс жүргіздік, оның нәтижесінде қаза тапқан жігіттің Қазақстан азаматы емес екені анықталды. Оның ата-анасы Мәскеуде тұрады. Кейбір мәліметтер бойынша студенттің өзі де Ресей азаматы болып табылады", — деді Жайнақов журналистерге.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-та қазақстандық Даир Сағдиевтің қаза болғаны туралы ақпарат таратқан еді. Ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде (UCLA) оқып жүрген.

 

Соңғы жаңалықтар