Семейде қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Семейде қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Семейде қоқыс өңдейтін зауыт салынады
ашық дереккөзі
810
Семейде тұрмыстық қалдықтарды қайта өндейтін зауыт жобасының таныстырылымы өтті. Жобаның жалпы құны 2 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зауыттың негізгі функциясы қатты тұрмыстық қалдықтарды және ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын өңдеу. Шамамен 700 түрлі қоқыс түрін өндейтін болады. Зауыт салу үшін Семейден жеті шақырым жердегі Знаменское тас жолы маңынан  20 га жер телімін бөлінген.  Шамамен 2 жылға созылатын зауыт құрылысы таяуда басталады.   «Қазэкоэкспертиза» ЖШС директоры Болатбек  Қасеновтің айтуынша,  қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай қоқыс өңдейтін зауыттар жоқ.   «Зауыт кез келген санаттағы қалдықтарды жүз пайыз қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Барлық өндеуге жарамды қалдықтарды қайта өңдейміз. Егер өңдеуге келмеген жағдайда  шикізатты қайта өңдейтін зауыттарға жібереміз. Қалғандары өртеледі. Іс жүзінде барлық елде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде  халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтауға ықпал етеді», - дейді Болатбек Қасенов. Зауыт жылына 380 мың  тоннаға дейін қалдық өңдейтін болады. Оның ішінде 160 мың тоннасы - өндірістік қалдықтар. Заманауи талаптарға сай бой көтеретін зауыт ресейлік  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.  Қоршаған ортаны сақтау үшін арнайы сүзгілер де орнатылады. Тәулік бойы жұмыс істейтін  зауыт 38 адамды жұмыспен қамтымақ.   Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт  Өскемен, Семей, Аягөз, Зырян және Шемонайхада салынады.

Серіктес жаңалықтары