Түркиядағы АҚШ елшілігі уақытша жабылды

Түркиядағы АҚШ елшілігі уақытша жабылды

Түркиядағы АҚШ елшілігі уақытша жабылды
ашық дереккөзі
319
АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі 5 наурызда «қауіпсіздік мақсатында» жабылды. Елшілік ресми сайтында жариялаған мәлімдемесінде нақты қандай қауіп төнгенін айтпаған. АҚШ елшілігі Анкараның Каваклидера ауданында орналасқан. 2013 жылы АҚШ елшілігіне жанкешті шабуыл жасап, Түркия қауіпсіздік қызметінің өкілі қаза тапқан еді. Шабуылды жергілікті әсіре солшыл топ мойнына алған. АҚШ елшілігі Түркиядағы америкалықтарды туристік орындарда халық көп жүретін жерлерге бармауға және елшілікке келмеуге кеңес берді. Елшілік қашан ашылатынын кейінірек хабарламақ.

Серіктес жаңалықтары