Қазақ жастары бас қосты

Қазақ жастары бас қосты

Қазақ жастары бас қосты
ашық дереккөзі
300
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау мен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдараламасы аясында және 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурыз 2018 жылы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ғимаратында Алғыс айту күніне орай Түркияда білім алып отырған қазақстандық жастардың қатысуымен «Халықаралық қауымдастықта Қазақстанның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Саян Шылмәмбетов, Ермұхамет Маралбек, Дінмұхамед Қасымбек, Еркін Қалидолла, Дана Қасқабаева, Дархан Әбішев, Ерболат Саруаров сынды Хажеттепе, Гази, Анкара, Йылдырым Баязит университеттерінің докторанттары мен магистранттары қатысты. Қазақстандық азаматтарды Алғыс айту күнімен құттықтаған Елші А.Сапарбекұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын атап өтіп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарлама туралы егжей-тегжей баяндап берді. Алғыс айту күніне орай өтіп жатқан шараға сәттілік тілеп, Қазақ еліне, отан мен ата-анаға, отбасы мен туған-туысқа, еліміздің абдал азаматтарына алғыс айтудың мән-жайын түсіндіріп берді. Қазақстанның бейбіт өмір сүруіне үлес қосып отырған отандастарға алғыс айтудың, бірлік пен ынтымақтың, өзара түсіністік пен сабырлықтың қажеттілігі туралы әңгіме қозғады. Осы орайда Гази университетінің магистранты, әзербайжандық Ахмат Хасанов бейбітшілікті сақтап, ынтымақты ту еткен қазақ жұртына алғыс айтып, күллі Қазақ елін айтулы мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзінде ол Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы баяндама жасап, береке-бірліктің арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге үлгілі мемлекет екендігіне назар аударды. Өз кезегінде, жас зерттеуші-ғалымдар «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі және Қазақстанның халықаралық қауіпсіздіктегі орны», «БҰҰ құрылуы және оның тарихи миссиясы», «Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық», Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстанның геосаяси аспектілері», «БҰҰ шеңберіндегі лаңкестікке қарсы күрес Қазақстанның лаңкестікке қарсы күрестің заңнамалық шаралары», Түркі әлемі және Қазақстан», «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сақтау ұйымымен ынтымақтастығы» сынды тақырыптар төңірегінде баяндама жасады. Жиын соңында Елші А.Сапарбекұлы қазақ жастарына Алғыс хатпен марапаттады.

Серіктес жаңалықтары