Жұма, 27 Қаңтар, 2023

Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Елордада ашылатын жаңа ауданның атауы бекітілді. «Байқоңыр» атауы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында ұсынылып, мақұлданды. Бұл туралы Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді«Астана Ақшамы» газеті хабарлады. 

Қалалық ономастикалық комиссия бұл атауды талқылап, бекітті. Республикалық ономастикалық комиссия қалалық комиссия шешімін өзгертпей, өз отырысының хаттамасын әкімдікке жіберді. Кеше өткен қалалық Қоғамдық кеңес отырысында Астана мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов осылай деп хабарлады.

Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелердің бірі Астана қаласының шекараларын белгілеуге қатысты болды.

«Соңғы бес жылда Астана халқының саны 35 пайызға ұлғайып, 645 мың адамнан 1 млн 10 мың адамға жетті. Былтыр қала территориясына 8 мыңнан астам гектар қосылды. Бұл – Майбалық көлі, пантеон. Халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін жаңа мектептерді, балабақшаларды, емханаларды, көлік жүйесін, инженерлік инфрақұрылымды салу мақсатында төртінші ауданды ашу қажеттілігі туындады» деді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев.

Оның айтуынша, төртінші ауданның шығыс бөлігі Алматы ауданымен, батыс және оңтүстік бөлігі Сарыарқа ауданымен, ал Есіл өзені арнасымен Есіл ауданымен шекараласады. Жалпы алғанда, қала аумағы 79 мың 733 гектарды құраса, соның ішінде жаңа аудан 18 мың 129 гектарды алады. Халық санына келсек, онда 211 мың адам тұратын болады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button