Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық иегеріне 100 мың доллар беріледі

Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық иегеріне 100 мың доллар беріледі

Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық иегеріне 100 мың доллар беріледі
ашық дереккөзі

Қазақстандық ғалымдарға 100 мың доллардан грант беріледі. Бұл қаражат Елбасының Жарлығымен тағайындалған Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың гранты.

Өткен аптада, Мемлекеттік Хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрғалығымен бұл бәйгені тағайындау бойынша комиссияның алғашқы отырысын өтті. «Әл-Фараби атындағы сыйлық биыл тұңғыш рет берілмек. Білесіздер, екі сыйлық болатын. Сол қосылып көлемі де, берілетін сыйлықтың саны да күшейтілді. Сараптау барысында іргелі ғылыми зерттеулермен қатар, уақыт талабына сәйкес инновацияның ең үздік үлгілерін басты назарға алатын боламыз», - дейді Мемлекеттік хатшы.

Сыйлық үздік ғылыми зерттеулер мен инновациялар үшін беріледі. Ережеге сәйкес, екі жылда бір рет 7 мемлекеттік сыйлық тағайындалады. Бұл жолы комиссия қарауына 26 жоба ұсынылған.