2017 жылдан бастап көше атаулары латын қарпімен жазылмақ
2017 жылдан бастап көше атаулары латын қарпімен жазылмақ
Түркі әлемнің ғалымдары латын әліпбиін қолдайды. Қазір мамандар осы қаріпті қабылдаған Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан елдеріне ғылыми экспедициялар ұйымдастыруда. Бүгіннің өзінде қазақ тілін латын графикасына негіздеген жүзден астам жоба бар. «ІІ Халықаралық түркі әлемі зерттеулері» симпозиумына жиналған ғалымдар латын әліпбиін қолдайтынын айтады.
Олардың пайымынша, 2025 жылға дейін еліміз толығымен жаңа әліпбиге көшеді. Тіпті «Экспо-2017» шарасында, қаладағы көше аттары латын қарпімен жазылады деп жоспарлануда. Мамандардың айтуынша, түбі бір түркі халықтарына ортақ 34 таңба бар. Ал, қалған әріптер дыбысталу кезінде ғана қолданылады. «Осындай беделді маңызды елдің латын тіліне көшуі орынды болмақ. Өйткені бүгінгі түркі елдерінің көбісі өтіп болды. Қазақстан біраз кешігіп отыр. Бірақ оның жақсы жағы да бар. Бізден алдын көшкен елдің тәжірибесін зерттеп аламыз», - деді тарих ғылымының докторы Әбдіуақап Қара.