Мәжілісте Инвестициялар және даму министрлігі сынның астында қалды
Мәжілісте Инвестициялар және даму министрлігі сынның астында қалды
Мәжіліс депутаты, Ұлттық тұтынушылар лигасының (ҰТЛ) басшысы Светлана Романовская Түркияға демалуға кеткен 700 қазақстандық отбасын қонақүйлерден шығарып жатқанына қапаланып отыр. Депутаттың ойынша, бұзылған демалыс пен жұмсалған қаражат үшін мемлекеттік органдар мен туроператор жауапқа тартылуы тиіс. «Шынын айтатын болсақ, жарты жыл бұрын жақында маусым басталады деп айттық. Тұтынушыларды алдап-соғатын компаниялар болмауы үшін не істейсіздер?
Ақырында — бәрі қалай болды солай қалды. Менің ойымша, министрді алып татау керек, себебі жылдан жылға қайталанып келе жатқан жағдай», — деп мәлімдеді С.Романовская ҚР Парламенті Мәжілісінің толық отырысының үзілісінде. Депутат Инвестициялар және даму министрлігі туристік фирмалардың қызметін тиісті түрде қадағаламайтынын сынға алды.
«Бүгін, міне, тағы 700 отбасын қуып жатыр, себебі Travelsystem жұмысын тоқтатып отыр. Рашида Рашидқызы осыдан 3-4 күн бұрын барлық туристік компанияларға Travelsystem-мен бәрі жақсы деген хабарламалар таратты. Бұған қоса, мемлекеттік органдар қаржы жағдайына қызығушылық білдіріп жатты дегендер болды, бірақ қайтадан осы…
Қызығушылық білдірудің қажеті не, тексеру керек еді ғой: жауапсыз туристік компания туралы сыбыс пайда болса да, тексеру керек: оларда сақтандыру бар ма, жоқ па, тұтынушылар қайтадан көшеде қалып қойған жағдайда бұл сақтандыру барлық тәуекелдерді өтей ме?», — деді С.Романовская. Мәжіліс депутаты Инвестициялар және даму министрлігін сотқа беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, турфирмалардың иелері де, шенеуніктер де жауапқа тартылуы үшін С.Романвская Үкіметке сауал жолдамақ. Ол өткен жылы «Гүлнар Тур» туристік компаниясының банкрот болғаны үшін ешкім жауап бермегендігін еске салды.