Украинада жемқорлық берең алуда

Украинада жемқорлық берең алуда

Украинада жемқорлық берең алуда
ашық дереккөзі
250

Украина дефолт қаупінен құтылып, елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыра алды. Бұл туралы Жоғарғы рададағы жыл сайынғы жолдауында Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді. «ХВҚ және өзге халықаралық ұйымдар, ЕО, АҚШ және өзге мемлекеттер тарапынан көрсетілген ауқымды макроэкономикалық жәрдем — осының барлығы және биліктің барлық тармақтарының күрделі әрі өте танымал емес шешімдері мен тиімді әрекетттері болуы күмәнсіз болып көрінген дефолтты болдырмауға және макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруға, еңбекақылар мен зейнетақыларды кешігусіз төлеуге, экономиканың құлдырауын баяулатуға, валюта нарығындағы байбаламды еңсеруге мүмкіндік берді», — деп мәлімдеді П.Порошенко.

Соңғы уақыттарда Украина мемлекеттік сатып алуларды өткізуде табысқа жеткенімен елде ұрлық пен сыбайлас жемқорлықтың белең алуы басылар емес. «Мемлекеттік сатып алулар саласында алғашқы табыстарымызды атап өткім келеді. Әлі де ұрлықтар бар, бірақ қазіргі таңда біз біршама ілгері жылжыдық», — деді Ураина президенті. Бір қызығы, әрбір бесінші украиндық пара беруді өмір нормасы деп санайды екен.

Серіктес жаңалықтары