Елімізде 13 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда

Елімізде 13 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда

Елімізде 13 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда
ашық дереккөзі
Қазақстанда 13 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда. Шетелден Қазақстанға келіп білім алатын студенттердің саны артады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады. «Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында 13 мыңға жуық (2,7 пайыз) шетелдік студент білім алуда. Олардың 6 070-і  алыс шетелден. Бұл көрсеткішті арттыруға барлық мүмкіндік бар. Тек ағымдағы жылы ғана ағылшын тіліндегі 10 білім беру бағдарламасы жасалып, енгізілді. Жыл сайын тағы 10 ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламасы құрастырылатын болады. Жоғары оқу орнына ағымдағы жылы 30-дан астам шетелдік топ-менеджер шақырылды. Бұл тәжірибе ары қарай жалғасын табатын болады»,- дейді ҚР БҒМ өкілдері. Атап айтқанда, 50 ЖОО-да қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүзеге асырылуда. Бұл бағыт бойынша жыл сайын 5 жоғары оқу орнын қосу жоспарлануда. Форум, көрме және шетелдегі Қазақстанның білім күнін ұйымдастыру кеңінен қолға алынатын болады. Қазіргі кездің өзінде Тәжікстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Қытайда, Үндістанда, Иранда және Түркіменстанда еліміздің жоғары оқу орындарының PR-көрмелері жүргізілуде. Бұл жұмысты «Болашақ» халықаралық бағдарлама орталығы ұйымдастыруда. «Қытайда, Үндістанда, Өзбекстанда «Болашақ» халықаралық бағдарлама орталығының өкілдігін ашу жоспарлануда. 2020 жылы ЖОО-дағы шетелдік студенттердің, оның ішінде ақылы негізде білім алушылардың үлесі 5 пайызды құрайтын болады», - делінген министрлік мәліметінде.