Сапарбаев пен Ахметовке «Отан» ордені табыс етілді. Бердібек Сапарбаев пен Даниал Ахметовке «Отан» ордені табыс етілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан.
Қазақстан Президенті резиденциясында мемлекеттік жүлделер мен сыйақыларды табыстау рәсімі өтті. «Отан» ордені – Қазақстан Республикасындағы жоғары ордендердің бірі. Орден ерекше еңбек атқарған азаматтарға беріледі. Сондай-ақ, «Отан» ордені «Халық Қаһарманы» немесе «Еңбек ері» атақтарын алған азаматтарға беріледі.