Елімізде еуроға деген сұраныс артуда

Елімізде еуроға деген сұраныс артуда

Елімізде еуроға деген сұраныс артуда
ашық дереккөзі
236

Қазақстанда еуроға деген сұраныс артып келеді. Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, 2015 жылдың сәуір айында айырбастау пунктерінде сатылған валютаның көлемі 113,3 млн еуроны қамтыды. Ал қаңтар айында 99 млн еуро сатылған болатын. Ең белсенді түрде Еуропа валютасын сатып алғандар (55,2 млн еуро) Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Ал Астана тұрғындары сәуір айында 20,1 млн еуро сатып алған.

Еуроға деген қызығушылық Қарағанды облысында да жоғарылаған. Бұл аймақта сәуір айында айырбастау пунктері 8,3 млн еуро сатқандығы анықталып отыр. Сонымен қатар қазақстандықтар бұрынғыша Америка валютасына басымдық беруде. Реттеуіштің деректері бойынша, сәуір айында айырбастау пунктерінде сатылған доллар көлемі 2,14 млрд долларға жетті. Доллар сатып алу бойынша көш басында тағы да Алматы тұрғындары тұр. НАқтырақ айтқанда сәуірде — 740,4 млн доллар сатып алынған. Сондай-ақ, Астана қаласында дәл осы айда 309,2 млн доллар сатып алынғандығы нақталанған.

Серіктес жаңалықтары