Шекарадағы кедендік бақылау ісінде сыбайлас жемқорлық өршіп тұр

Шекарадағы кедендік бақылау ісінде сыбайлас жемқорлық өршіп тұр

Шекарадағы кедендік бақылау ісінде сыбайлас жемқорлық өршіп тұр
ашық дереккөзі
294
Қазақстан Қаржы министрлігінің кірістер комитетінің жұмысына жүргізген монитрингтің нәтижелері бойынша  Сыбайлас жемқорлық ең кең тараған сала - шекарадағы кедендік бақылау және заңды тұлғаларды тарату барысында орын алады.
Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының тапсырысымен 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың мамыры аралығында өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, параның ең жоғары мөлшері тауарларды кедендік тазалау және тауар құны бойынша қосымша тексеруді жүргізу жөніндегі қызметтерде — 100-110 мың теңге, заңды тұлғаны тарату қызметінде — 70 мың теңге, басқа қызметтерде — 5-20 мың теңге пара алынатындығы анықталған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететін тетіктер нашар құрылған немесе жұмыс істемейді, яғни қызметкерлерде әлі де сыйақы алу мүмкіндігі бар», — деп мәлімдейді салық төлеушілер қауымдастығының басшысы Жаннат Ертлесова. Сауалнама мәліметтерін сүйенсек, жеке тұлғалардың шекарадан өтуі кезінде де жемқорлықтың жоғары деңгейі байқалады. Сонымен қатар, респонденттердің 7,8%-ы заңсыз сыйақы берген болып шықты.

Серіктес жаңалықтары