Елімізде алғаш рет мектеп автобустары құрастырыла бастады

Сондай-ақ!

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады. Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген. Ол Қазақстан Республикасының азаматы бола...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы қаласы - 74 Шымкент қаласы - 4 Ақмола облысы - 76 Ақтөбе облысы - 5 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында селфи жасағаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. Әлеуметтік желіде атақты...

Мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған тұңғыш отандық автобус Семейде құрастырыла бастады. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Ұзындығы 11 метрге жуық көліктің қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, дабыл жүйесі орнатылған. Халықаралық сертификат та алыныпты. Алғашқы тапсырыс Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасынан түскен. Жақын күндері 17 автобус шалғай ауылдарға жол тартады. Кәсіпорын болашақта Қазақстанның басқа да аймақтарына осындай техника шығаруға дайын. Бұрын біздің елде шығарылмаған мұндай автобустарды әдетте шетелдік кинофильмдерден ғана көруге болатын. Енді отандық өнімді семейлік жігіттер білек сыбана құрастырып жатыр. Көліктің басты ерекшелігі қауіпсіздік талаптары күшейтілген. Жылдамдығы сағатына 80 шақырымнан аспайтын қондырғы қойылған. Әрбір орындықта белдіктер бар.

«Автобуста апатты жағдайда тоқтататын түймешіктер орнатылған. Яғни қажет болған уақытта кез келген жолаушы жүргізушіге дабыл жүйесі арқылы белгі бере алады. Балаларды бақылап отыратын жетекшіге де ыңғайлы орын жасалған», – кәсіпорынның бөлім жетекшісі Александр Сутормин.

10 жылдан бері автобус құрастырумен айналысатын кәсіпорында қазақстандық мазмұнға да баса мән берілген. Өндірісті тоқтатпай, жұмыс орындарын сақтап қалу үшін зауыт үнемі ізденістер үстінде. Бүгінде мұнда он шақты автобус түрлері шығарылады.

«Кузовын Қазақстанда жасадық, рамасын өзіміз жасадық. Сонда бізде 40 пайызы – Қазақстаннан шыққан заттар. Басқа да облыстар біздің автобустарды алса, сапасы да, бағасы да келіп тұр. Басқа шетелден әкелгенше біздің өзіміздің Қазақстанның автобустарын біз өзімізде шығара аламыз», – дейді кәсіпорынның бас директоры Асемхан Досқожанов.

Кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақтың да нарығын игере бастапты. Жақында екі автобус Ресейдің Қиыр Шығысына аттанбақ. Ал келесі жылы көрші мемлекетке тағы 50 автобус жөнелту жөнінде келісімшартқа қол қойылады деп жоспарланған.

 

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Елбасы және Түркі әлемі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы таяп келеді. Бір ғасырға жуық уақыттың үштен бірін алатын...

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...