Қазақтың ақ алтынын 10 ел тұтынады

Қазақтың ақ алтынын 10 ел тұтынады

Қазақтың ақ алтынын 10 ел тұтынады
ашық дереккөзі
Қазақстанда өндірілетін мақта талшығы әлемнің 10 еліне экспортқа шығарылады. Бұл туралы ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Наметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараті. «Қазақстанда 1991 жылы жеке, яғни отандық мақта талшығы жоқ болатын. Қазіргі уақытта мақта талшығының 10 түрін (сортын) жасап шығардық. Оның бесеуі мемлекеттік сынақтан өтті», - дейді Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының төрағасы. Асқар Наметовтың айтуынша, елімізде қазіргі уақытта тазартылмаған мақтаның өнімділігі - 22-23 ц/га. Ал отандық жаңа мақта талшығының түсімі 38-40 ц/га көрсеткішке жетеді. «Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30-40 пайызға арттыру көзделіп отыр. Сонымен бірге, мақтаның сапасын да арттыру жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыс өз кезегінде ішкі және сыртқы нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - дейді Асқар Наметов. Белгілі болғандай, қазіргі таңда қазақстандық мақта талшығының сорты 10 елге, атап айтқанда Ресей, Беларусь, Германия, Латвия, Молдова, ҚХР, Бельгия, Иран, Украина, Италия және Оңтүстік Корея елдеріне экспортталады.