Өзбекстан бензин тапшылығын жоюға шамамен 250 млн доллар бөледі

Өзбекстан бензин тапшылығын жоюға шамамен 250 млн доллар бөледі

Өзбекстан бензин тапшылығын жоюға шамамен 250 млн доллар бөледі
ашық дереккөзі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қаржы министрлігіне 2017 жылдың аяғына дейін мұнай өңдеуші зауыттарға екі триллион сум (шамамен 250 миллион доллар) пайызсыз бюджеттік ссуда бөлуді тапсырды. Қаражат көмірсу шикізаты мен дайын өнімді импорттауға жұмсалады. Бензин тапшылығын шұғыл түрде шешу үшін 600 млрд сум осы аптаның аяғына дейін аударылады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мемлекет басшысы бюджеттен қосымша қаражатты «Тошшахартрансхизмат» компаниясына 2017-2018 жылдарға бөлуді тапсырды. Соның нәтижесінде Ташкентте көлік тасымалына тарифтердің өсуіне жол берілмейді. 15 қарашада автокөлік бензині мен дизель отынын қолдануға салық 50 пайызға төмендетілгені хабарланды. Мирзияев 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін көмірсу шикізатын импорттаушыларды кеден төлемдерінен босатты. «Узнефтепродукт» компаниясының мұнай өңдеу зауыты табыс салығынан босатылды. Жақында Өзбекстанда бензин күрт қымбаттап кетті. АИ-80 маркалы бензиннің бір литрі 1000 сумға өсіп, 3800 сум (шамамен 47 цент) болған.