Қазақстандықтар депозиттерін теңгеге ауыстыруда

Қазақстандықтар депозиттерін теңгеге ауыстыруда

Қазақстандықтар депозиттерін теңгеге ауыстыруда
ашық дереккөзі
411

Қазіргі таңда депозиттерді долларизациялау азайып келеді. Бұл жөнінде Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова баспасөз-конференциясы барысында айтып өтті. «Депозиттерді долларландыру қарқыны түсіп келеді. Керісінше, теңге салымдары банктік жүйе бойынша өсім көрсетіп отыр. Біздің банкімізде 2015 жылдың басында долларлық салымдар 65 пайыздан жоғары болатын.

Ал, қазір ол көрсеткіш 62 пайыз боп төмендеген», — дейді Ү. Шаяхметова. Сонымен қатар, 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында банктік жүйе бойынша депозиттердің жылыстауы байқалған еді. «Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында салым көлемі 3,7 пайызға азайған. Өткен жылдың алғашқы тоқсанында депозиттер өсімі 11,5 пайызды құраған болатын. Егер тұрғындардың депозиттерін айтар болсақ, 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3.2 пайызға жылыстаған. Өткен жылы бөлшек салымдарда 4,7 пайыз өсім байқалған.

Бірлескен депозиттердің де жағдайы осыған ұқсас. 2015 жылдың алғашқы тоқсанында салым көлемі 4,1 пайызға азайса, өткен жылы 16 пайыз өсім көрсеткен еді», — дейді Халық банкінің басқарма төрағасы. «Бұл, негізі, депозит базасы төмендеуінің аздаған шамасы ғана. Жағдайдың мұндай болып өзгеруіне бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін. Біріншіден, салымшылардың қаржылары банктік жүйеге келмейді. Екіншіден, салымшылар ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асырған шығар. Мәселен, Ресейден жылжымайтын мүлік немесе көлік алған болар. Сонымен қатар, жыл басында тұтынушылық несие қоржынының төмендеуі байқаған едік. Мүмкін қазақстандықтар өз несиелерін депозиттер арқылы төлеген болар», — дейді Шаяхметова.

Серіктес жаңалықтары