Шетелдіктермен тәжірбие алмасуда Қазақстанға 4401 ғалым шақырылған
Шетелдіктермен тәжірбие алмасуда Қазақстанға 4401 ғалым шақырылған
Соңғы 3 жылда Қазақстанға 4401 ғалым шақырылған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешев мәлімдейді.
«Бүгін дүниежүзі бойынша ғылым саласында қатаң бəсекелестік орнады. Соның салдарынан дарынды ғалымдарға ашық түрде тартыс жүруде. Қазіргі уақытта Қазақстан ғылыми саланы дамыту үшін үлкен жұмыстар жүргізуде. Соңғы жылдарда отандық ғылым саласында жүйелі өзгерістер болды. Атап айтқанда басқару мен қаржыландырудың жаңа механизмдері іске қосылады. Ол ғылыми саланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасады. Олардың ішінде ғалымдардың ғылыми бастамаларын ынталандыру, ғылыми ойларды жүзеге асыру үшін олардың мүмкіндіктерін кеңейту, ғылымға қызмет ететіндердің шығармалышық еркіндігі мен академиялық ұтқырлығын арттыру сияқты негізгілерін атап өту керек. 2014 жылы жоғарғы оқу орындарында оқу сабақтары мен зерттеулерді бірлесіп жүргізу үшін 1327 шетелдік ғалым, соның ішінде 49 қазақстандық ғалым тартылды», - деді Амандық Қуатұлы. Оның айтуынша, соңғы 3 жылда Қазақстанға 4401 ғалым шақырылған. Олардың ішінде Еуропадан - 1886, Оңтүстік-Шығыс Азиядан - 237, Шығыс Азиядан - 85, АҚШ-тан - 403, Канададан - 11, Ресейден - 1294, Белорусь Республикасынан - 69, Украинадан - 106 жəне тағы да басқа елдерден 311 ғалым шақырту алған. Бұл мәлімет Қазақстанның білім саласында шетелдіктермен тәжірбие алмасу бір жолға қойылғандығын аңғартады.