23 мың адам қазақ тілін интернет арқылы меңгерген

23 мың адам қазақ тілін интернет арқылы меңгерген

23 мың адам қазақ тілін интернет арқылы меңгерген
ашық дереккөзі
913
Әлем бойынша 23 мың адам қазақ тілін «Soyle.kz» сайты арқылы меңгеріп жатыр. Бір жарым жылда бұл интернет порталының қызметін 350 мыңдай адам пайдаланған. Бұл жоба қазақ тілді қолданушылар қатарын көбейтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін барынша күшейтуге бағытталған. Қазіргі таңда Андроид жүйесінде бұл сайттың мобильдік нұсқасы да жұмыс істеп жатыр. Ұялы телефон арқылы тағы 5 мың азамат қазақ тілі курастарын оқуда. «Тестілеу бағдарламасын жетілдірдік. Оқып отырған адам тест тапсырған кезде, бұдан былай өз қателерін көріп отыратын болады. Екіншіден, «ВК», «Фэйсбук» әлеуметтік желілерінде отырған адамдар тіркелмей-ақ, біздің порталда сабақ оқи беруіне болады. Үшіншіден, сабақ оқып жүргендер бір-бірімен онлайн режимінде сөйлесіп отыру үшін біз онлайын чатты іске қостық жақында»,- дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Серіктес жаңалықтары