БҰҰ-ға реформа жүргізуді қолдауға 142 ел келісті

БҰҰ-ға реформа жүргізуді қолдауға 142 ел келісті

БҰҰ-ға реформа жүргізуді қолдауға 142 ел келісті
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) реформалауға қолдау білдіруге келіскен әлемнің 142 елінің арасында АҚШ, Германия, Ұлыбритания мен Жапония да бар. Бұл туралы ресми құжат БҰҰ жанындағы АҚШ дипломатиялық миссиясының сайтында жарияланды. Декларацияға қол қойған мемлекеттер БҰҰ бас хатшысы Антонио Гуттеришті реформа процесіне жетекшілік етуге шақырған. Он тармақтан тұратын құжатта ұйымға мүше елдер арасында әріптестікті нығату қажеттігі, олардың арасындағы үйлестіруді жақсартудың түрлі шаралары туралы айтылған. Сонымен бірге декларация БҰҰ-дағы кадр саясатын оңтайландыру мәселесін де қозғаған. Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) реформалау жөніндегі процеске қатысудан бас тартқан. Бұл туралы дүйсенбі күні журналистерге Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер бойынша комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий мәлімдеген. Сейсенбіде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы талқылауына 130-ден астам мемлекеттің басшылары қатыспақшы. АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ мінберінен сөйлейді. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон БҰҰ-дағы сөзінде Трамп Солтүстік Корея мәселесі және Иранмен жасалған ядролық келісім жайлы айтады деп хабарлаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы ашылар қарсаңда Трамп "бюрократия мен тиімсіз басқару, өте үлкен қаржы шығыны, тым көп қызметкер саны – Біріккен Ұлттар Ұйымын дамытуға бөгет болып отыр" деп мәлімдеген.