Қазақстанда автокөлік өндірісі азайған
Қазақстанда автокөлік өндірісі азайған
Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі азайып келеді деп хабарлайды LS. Өндіруші зауыттардан алынған мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың 1-тоқсанында «СарыарқаАвтоПром» өндірісінде 447 автокөлік құрастырылған. Өткен жылдың 1-тоқсанында 157 автокөлік жиналған болатын. «АгромашХолдинг» болса 718 автокөлік шығарды. Өткен жылы ол көрсеткіш 1135 болған еді. 2015 жылдың алғашқы үш айында семейлік СемАз 481 дана техника шығарған. Өткен жылмен салыстырғанда, өндіріс артқан — 253 автокөлік шыққан еді.
«АЗИЯ-АВТО» 2015 жылдың қаңтар-наурызында өндіріс көлемі 4381 автокөлікті құраған. Жалпы сомасы — 20,8 млрд теңге немесе 112,6 млн доллар. 2014 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда, авто өндірісі 47 пайызға төмендеген. Hyundai Trans Auto зауыты 56 дана автокөлік техникасын құрастырған. 2014 жылдың 1-тоқсанында бұл көрсеткіш 252 дана болған. Өндіріс көлемінің азаюын компания ҚР-да сұраныстың төмендеп кетуімен түсіндірді. Отандық автоөндірістің қатысушыларының ішінде Көкшетаудағы қазақстан және ресейлік «КАМАЗ-Инжиниринг» зауыты да бар.
Кәсіпорын самосвалдар мен вахталық автобустар шығарумен айналысады. Өкінішке орай, зауыттан ешқандай мәлімет алу мүмкін болмады. Қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің қысқаруына Ресейден жаппай көлік әкелу себеп. 2015 жылдың 1-тоқсанында Ресейден Қазақстанға 30 000-ға жуық автокөлік әкелінген. Рубль курсының төмендеуіне байланысты жаппай көлік әкелу артты. Қазақстандық автобизнестің автомобильдік қауымдастығының берген мәліметіне орай, 2015 жылдың 1-тоқсанында ресми дилерлер 2681 отандық өндірушілердің көлігін сатқан. Жалпы сома — 65,5 млн доллар. Жылдық көрсеткіш бойынша салыстырар болсақ, қазақстандық авто сатылымы 62,31 пайызға азайған.
Осы ретте жыл басынан отандық жеңіл автокөліктердің бағасы 9,17 пайызға арзандады. 2015 жылдың алғашқы тоқсанында 552,8 млн долларға 25 385 жаңа автокөлік сатылды. Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 27,3 пайыз түсім байқалып отыр. (2014 жылы 34 904 автокөлік сатылған) Өткенде Астанадағы брифинг барысында инвестициялар және даму жөніндегі вице-министр Альберт Рау отандық автокөліктер өндірісі кем дегенде 20 мың данаға жетеді деген болатын. А.Раудың айтуынша, қазақстандық автокөлік өндірісіне ағымдағы жылдың басы аздап қиындық туындатты. «Расын айтар болсақ, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсаны түгелімен оңай болмады. Мұны Еуразиялық экономикалық одақтың алғашқы сынақтарының бірі деп қарастыруға болады. Үкімет жоспар жасады және біз қорытынды жасасақ болады», — дейді А.Рау.